(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ АРАСЫНДА КОРОНАВИРУ...

Предыдущая страница

2) ҚАЖ мекемелерінде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге келетін барлық адамдардың дене температурасын өлшеу және сауалнама толтыру арқылы сауал алу, кейіннен ұзақ кездесулердегі адамдарға күнделікті термометрия жүргізу;

3) ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттің және олардың туыстарының қысқа мерзімді кездесулерді беру кезінде маска режимін сақтауы;

4) ҚАЖ мекемелерінің ұзақ кездесулер бөлмелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне 2 реттен сиретпей, кейіннен желдету және кварцтау арқылы тұрақты жинау жүргізу;

5) ұзақ кездесу берілген сотталғандарды 14 күн бойы карантинге жатқызу.

2. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау бөлмелерінде, жиналу бөлімшелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдету және ауаны зарарсыздандыру арқылы күніне 2 реттен сиретпей ағымдық жинауды тұрақты түрде жүргізуді қамтамасыз ету.

3. CОVID-19 сырқаттанушылығының тіркелу деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақта) мынадай санаттарды:

- мекеме қызметкерлерін,

- этаппен тасымалдауға жататын адамдарды;

- құжаттық растауы болған жағдайда, COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған, ҚАЖ, ІІМ мемлекеттік мекемелерінде және мекемелерден тыс ұйымдардағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің сотталғандарын;

- осы қосымшаның 1-тармағының талаптарын сақтай отырып, ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдармен ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келген туыстарын;

- осы қосымшаның 4-тармағын сақтаған кезде адвокаттарды (қорғаушыларды), тергеушілерді қоспағанда, ҚАЖ мекемелеріне кіруді және шығуды (кіруді және шығуды) тоқтата тұру.

4. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу үшін адвокатқа (қорғаушыға), сондай-ақ тергеушіге және адвокатқа (қорғаушыға) шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, күдіктілер мен айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық іс-шараларды олардың маска немесе респираторды, резеңке қолғаптар мен жабық үлгідегі көзілдірікті міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып шектеу.

5. Дезинфекциялау құралдарының, бактерицидті шамдардың, жеке гигиена құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының (маскалар, респираторлар), медициналық термометрлердің және басқа да материалдық ресурстардың қорын ұстауды қамтамасыз ету.

6. Тұрғын отрядтарда, камераларда, тамақтану объектілерінде, өндірістік учаскелерде, жұмыс орындары мен қызмет атқару орындарында жеке гигиенаны сақтау үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету.

7. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, қызмет көрсетуші қызметкерлердің және арнайы контингенттің маска режимін сақтауын қамтамасыз ету.

8. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің арнайы контингентті қабылдау кезінде жеке қорғаныш құралдарында (маска, қолғап, көзілдірік) болуын қамтамасыз ету.

9. ҚАЖ мекемелеріне келіп түсетін барлық адамдардың, сондай-ақ мекеме шлюзіне кірер алдында ілесіп жүретін адамдар мен жүргізушілердің денесінің температурасын өлшеуді және сұрау алуды қамтамасыз ету.

10. Дене температурасы жоғары (37,20 С және одан жоғары), респираторлық симптомдары бар күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдар мен жүргізушілерді, сондай-ақ шет елдерден оралған немесе соңғы 14 күн ішінде COVID-19 науқастарымен байланыста тұрған адамдарды ҚАЖ мекемелеріне жібермеу және қабылдамау.

11. Құжаттамалық растауды ұсынған кезде Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған адамдарды қоспағанда, тергеу әрекеттерінен қайтып оралған соң және арнайы контингенттің мекеме аумағынан басқаша шығуынан кейін адамдар жаңадан келгендер ретінде күнделікті медициналық қарап-тексеру, сұрау, термометрия ұйымдастыру арқылы кемінде 14 күн мерзімге оқшаулануға жатады.

12. ҚАЖ мекемелеріне УҰИ-дан келіп түсетін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар адамдарды қабылдауды жүзеге асыру.

13. Монша-кір жууды қамтамасыз етуді, тамақтануды, өндірістік қызметті ұйымдастыру кезінде жергілікті секторларда тұратын сотталғандар ағынының қиылысуын азайту.

14. Ортақ пайдаланылатын және адамдар жиналатын орындарда (асханалар, БПК, өндірістік учаскелер, тамақ өндірісі, дүкендер және басқа да объектілер) дезинфекциялық режимді күшейту. Дезинфекциялау құралдарымен ылғалды жинау жүргізу жиілігін арттыру, бактерицидті сәулелендіргіштерді пайдалану. Дезқұралдармен тамақтанатын залдарды (үстелдер, орындықтар, едендер) жинауды осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес тамақтанатын сотталғандардың әрбір ауысымынан кейін ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы және сауда объектілеріндегі қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритміне сәйкес жүргізу.

15. Тамақтанатын залдарды жабық бактерицидті сәулелегіштермен үздіксіз режимде өңдеуді, үй-жайларды желдетуді, осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкесұйымдастырылған ұжымдардағы қоғамдық тамақтану орындарында, ас блоктарында және сауда объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету.

16. Күн сайын медициналық қарап-тексеруді, күніне 2 рет термометрияны, респираторлық симптомдарды анықтау мақсатында декреттелген топ қызметкерлерінің денсаулық жағдайы туралы сұрау жүргізуді қамтамасыз ету.

17. Әкімшілік ғимараттарға, мекемелердің аумағына кіретін есіктерді тері антисептиктерімен жабдықтау, міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету.

18. Мекеме қызметкерлері мен контингенттің жеке гигиенасын сақтауын бақылауды күшейту.

19. ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің денсаулық жағдайы туралы күнделікті сауалнама жүргізуді, жұмыс орындарындағы дене температурасын өлшеуді, міндетті түрде арнайы ашылған журналға жазба жүргізуді ұйымдастыру. Температурасы жоғары және респираторлық инфекция белгілері бар адамдарды қызметтен (жұмыс орнынан) дереу шеттету.

Персоналда симптомдар пайда болған кезде ҚАЖ мекемесінің қызметкерлері үшін дереу уақытша инфекциялық изоляторға орналастыру және дәрігер-консультантты шақыру. Көрсетілімдер бойынша инфекциялық аурулар стационарына жатқызу.

20. COVID-19 ауруына күдік анықталған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың регламенттелген кешенін дереу жүргізу.

21. 2 сағаттың ішінде телефон арқылы, одан кейін 12 сағат ішінде жазбаша түрде (немесе электрондық байланыс арналары арқылы) СОVID-19 әрбір жағдайына шұғыл хабарламаларды беруді қамтамасыз ету.

22. ҚАЖ мекемелеріне тамақ өнімдерін жеткізу үшін, сондай-ақ күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды айдауылдау үшін пайдаланылатын автокөлікті дезинфекциялық өңдеу жөніндегі шараларды дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимін пайдалана отырып күшейту.

23. Сәлемдеме қабылдау бөлмесінде сәлемдемелер (сәлемдемелер) берілетін үй-жайларға ультракүлгін бактерицидті өңдеу жүргізуді, сондай-ақ сәлемдемелер (сәлемдемелер) түсетін ыдыстарды дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз ету. Сәлемдемелер қабылдау бөлмелері қызметкерлерінің санитариялық киімде, медициналық маскада, бахилаларда жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

24. Бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде іскерлік, спорттық, мәдени, ойын-сауық және т. б. өткізуге шектеу қою.

25. ҚАЖ мекемелерінің объектілерінде, оның ішінде қабылдау, жиналу бөлімшелерінде қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирусты инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі жинау жүргізуді қамтамасыз ету.

26. Тергеу немесе сот әрекеттерін жүргізу үшін ҚАЖ мекемелерінен арнайы контингентті уақытша әкету тек ерекше жағдайларда ғана қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы басшысының не оны алмастыратын адамның рұқсатымен жүзеге асыру.

 

ҚАЖ-ға ведомстволық бағынысты сәбилер үйлеріндегі санитариялық-дезинфекциялық режимге қойылатын талаптар

 

1. ҚАЖ-ға ведомстволық бағынысты сәбилер үйлерінде режимдік-шектеу іс-шараларын (карантин) енгізу.

2. Шектеу іс-шараларын іске асыру тәртібінде барлық келушілерді, оның ішінде балалармен бірге тұрмайтын аналарды балалар үйіне жіберуді тоқтатуға, сондай-ақ адамдардың жиналуын көздейтін мәдени-көпшілік және басқа да іс-шараларды өткізуге бағытталған шараларды қабылдауды қамтамасыз ету.

3. Сәбилер үйінде бірге тұрған аналарды шектеу іс-шараларының (карантин) барлық кезеңінде жұмыстан шеттету.

3. Карантин кезеңінде сәбилер үйіне жұмысқа орналасқандардың санын ең азға дейін қысқарту.

4. Карантин кезеңінде сәбилер үйінде, бірге тұру орталығында орналасқан адамдардың тұруын қамтамасыз ету.

5. Карантин кезеңінде сотталғандарды (сәбилер үйіне орналастырылған аналар мен адамдарды) бірге тұру орталығында тамақпен қамтамасыз ету. Тамақты санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жеткізу. Тамағы бар термостарды қабылдауды және жуу және өңдеу үшін термостарды беруді тамақ жеткізушілерді санитариялық киіммен, бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалар, қолғаптар) қамтамасыз ете отырып, сәбилер үйінің КӨП-те жүзеге асыру.

6. Баланы емізетін сотталғандарды карантин кезеңінде сәбилер үйінің бірге тұратын орталығына орналастыру.

7. Карантин кезеңінде бірге тұратын орталықтағы сотталғандардың киім-кешектерін жууды сәбилер үйінің кір жуу бөлмесінде жүзеге асыру.

8. Карантин кезеңінде сәбилер үйіне орналастырылған сотталғандарды, аналарды таңғы және кешкі тексеруді жүргізуді мекеме қызметкерлерін медициналық тексеруден кейін (термометрия, сұрау, тексеру) сәбилер үйінің аумағында жүзеге асыру.

9. Сәбилер үйіне жұмысқа тұрғызылған қызметкерлер мен сотталғандардың, аналардың күн сайынғы таңертеңгілік сүзгісін тексеру нәтижелерін арнайы жүргізілген журналға енгізе отырып, дене температурасын өлшеу, медициналық тексеріп-қарау, денсаулық жағдайы туралы сұрау арқылы қамтамасыз ету.

10. Сәбилер үйіне жұмысқа тұрғызылған, балалармен бірге тұратын сотталғандарға адвокаттармен және өзге де келушілермен (қоғамдық бақылау комиссияларымен) бейнебайланыс арқылы кездесу беру мүмкіндігін қарастыру. Карантин кезеңінде бейнебайланысты ұсынуға техникалық мүмкіндік болмаған кезде мекемеге келушілермен кез келген байланысты денсаулық жағдайы туралы сұрау, термометрия, келушілердің соңғы 14 күн ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы немесе ҚР аумағында жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен байланыста болуы туралы эпиданамнезді мұқият жинау қатаң түрде жүргізілгеннен кейін жүзеге асыру. Байланысты келушілер үшін медициналық маскаларды және сотталғандар үшін респираторларды (FFP-2, FFP-3 типті) пайдалана отырып жүзеге асыру.

11. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес вирустық инфекциялар кезінде қолдануға рұқсат етілген дезқұралдарды пайдалана отырып, сәбилер үйіне тамақ өнімдерін жеткізу үшін пайдаланылатын автокөлікті дезинфекциялық өңдеу бойынша іс-шараларды күшейту.

12. Сәбилер үйінде дезинфекциялық және маскалық режимнің сақталуын, топтық оқшаулауды, таңертеңгілік сүзгі, респираторлық аурулар белгілері бар балаларды тез арада оқшаулауды қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасының

 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 38 қаулысына

25-қосымша

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындарға және өндірістік объектілерге, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерге қойылатын талаптар

 

1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.

2. Қызметкерлер вахтасы кезеңінің ұзақтығы еңбек заңнамасымен реттеледі, жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеуді тиісті реттеуі арқылы ұзартылуы мүмкін.

3. Карантин режимі кезінде вахта аяқталғанға дейін барлық қызметкерлер мен жұмысшылар вахталық кент аумағында болады. Персонал үшін қалаға шығу шектеулі.

4. Корпоративтік іс-шаралар, оның ішінде қызметкерлердің ұжымдарда бұқаралық іс-шараларға қатысуы жүргізілмейді.

5. Қызметкерлер вахталық кентке дейін автобустармен жеткізілген жағдайда көлік құралдарын отырғызу алдында және ауысым соңында алдын ала үнемі дезинфекциялау көзделеді.

6. Персонал санитариялық-эпидемиологиялық шаралар сақталған жағдайда жұмыс орындарына қызметтік, қоғамдық немесе жеке көлікпен жеткізіледі. Персоналды қызметтік көлікпен жеткізу санитариялық шараларды сақтаған кезде жүзеге асырылады, көлік отыратын орындардың санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушылар маскада болады және қашықтықты сақтайды.

7. Персонал ұйымға (кәсіпорынға) кірген кезде қолды осы мақсаттарға арналған тері антисептиктерімен (оның ішінде белгіленген мөлшерлегіштердің көмегімен) өңдеу жүзеге асырылады.

8. Персонал ұйымға (кәсіпорынға) кірген кезде және жұмыс күні ішінде (көрсеткіштер бойынша) қызметкерлердің дене температурасын бақылау жүзеге асырылады. Дене температурасы жоғары және ауру белгілері бар персонал анықталған жағдайда, бұл адамдар дереу жұмыс процесінен шеттетіледі.

9. Ұйымның медицина қызметкері болмау себебін анықтай отырып, жұмысқа шығу мониторингін күн сайын жүргізуді қамтамасыз етеді, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше көңіл бөлінеді.

10. Респираторларды кию көзделген зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды қоса алғанда, жұмыскерлерді қоспағанда, объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маска, қажет болған жағдайда - қолғаптар) қамтамасыз етіледі.

11. Шетелдік қызметкерлер шетелден келгеннен кейін объектілердің басшылығы аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментін (бұдан әрі - АД) телефон, электрондық пошта арқылы, тегі бойынша тізімдерді ұсына отырып, келген күнін, елін және өзге де сұратылатын мәліметтерді көрсете отырып, дереу хабардар етеді. Келген шетелдік қызметкерлерде 5 тәуліктен аспайтын мерзімде коронавирустық инфекцияға теріс нәтиже туралы анықтаманың болуы қажет.

12. Келген шетелдік жұмыскерлердің тұратын орындарында (жатақханаларда) кәсіпорынның басқа жұмысшыларынан бөлек, персоналмен байланысты болдырмайтын жеке үй-жай (ғимарат) бөлу жолымен орналастырады.

13. Медициналық пункттің (денсаулық пунктінің) ауасын зарарсыздандыру қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе рециркуляторларды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдететін адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады.

14. Медициналық пункттер қажетті медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательдермен, жеке қорғаныш құралдарымен және т.б.) қамтамасыз етіледі.

15. Медициналық пункттің (Денсаулық сақтау пунктінің) медицина қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен (жоғары дәрежедегі медициналық маскалар немесе респираторлар (FFP2 (N95) немесе FFP3(N99) респираторы), қолғаптармен; бетті қорғауға арналған көзілдіріктермен немесе экрандармен, таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатпен (немесе суға төзімді бір рет қолданылатын костюм немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етікпен немесе жоғары резеңкеленген бахилалармен) және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі.

16. Объектінің үй-жайларында температуралық режимнің оңтайлы параметрлерін сақтау қамтамасыз етіледі, жұмыс үй-жайларын тұрақты желдету жүргізіледі.

17. Қызметкерлердің жеке/қоғамдық гигиена ережелерін: дәретханаға әрбір барғаннан кейін барлық жұмыс күні ішінде қолды сабынмен үнемі жуу немесе тері антисептиктерімен өңдеу режимін сақтауы қамтамасыз етіледі.

18. Үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (қызметкерлердің үстелдері мен орындықтарын, орг. (тамақ қабылдау, демалыс бөлмелері, дәретхана бөлмелері, спортпен шұғылдануға арналған бөлмелер мен жабдықтар), барлық үй-жайларда.

19. Объекті әкімшілігі ұйымда (кәсіпорында) инфекциялық ауру белгілері бар адамдар (медициналық маскалар, респираторлар) анықталған жағдайда үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолдарын өңдеуге арналған дезинфекциялау құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының кемінде бес күндік қорының болуын қамтамасыз етеді.

20. Жұмыс беруші жұмысы өндірістік объектіде болуды талап етпейтін, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырады.

21. Вахталық кентте CОVІD -19 күдік анықталған кезде:

1) жұмыскер медициналық пункттің оқшаулағышына оқшауланады; ғимаратқа, үй-жайға барлық адамдардың кіруіне және шығуына тыйым салынады, қабаттар арасында хабарлама тоқтатылады;

2) кейіннен тексеру және бақылау орнату үшін ғимараттағы /бөлімшедегі науқас қызметкермен байланыста болған барлық адамдардың тізімі жасалады; науқасты эвакуациялағаннан кейін қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

22. Жауапты адамлар жұмысшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

23. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және дезинфекциялық іс-шараларды жүзеге асыратын қызметкерлерге ұйым аумағына және онда орналасқан объектілерге кедергісіз кіру қамтамасыз етіледі.

24. Объекті әкімшілігі дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізеді.

25. Жұмысшылардың тамақтану объектілерінде:

1) көп рет қолданылатын ыдысты пайдаланған кезде оны кейіннен жинау және белгіленген тәртіппен залалсыздандыру қамтамасыз етіледі;

2) асхана ыдыстарын жуу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

3) туралған көкөністер мен жемістерді қоспағанда, асханаларда тамақ өнімдерін сатуды оралған түрде жүргізеді;

4) сатып алушылар қол жеткізе алатын нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сатуды оралған түрде ғана жүзеге асырады;

5) асхана жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және азық-түлікпен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) жұмысшыларға өз қызметтерін бір рет қолданылатын қолғаптармен, бір рет қолданылатын медициналық немесе мата маскалармен көрсетеді.

6) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады;

7) тамақтану залдарында персоналдың жиналуын барынша болдырмау мақсатында белгілер қою, тосқауылдар мен шектеу ленталарын орнату жолымен кемінде 2 метр қашықтықты сақтайды. Объектілерді тұрақты желдету, сыртқа тарату қондырғыларын тексеру, жөндеу және дезинфекциялау жүргізіледі, сырттан ауа алу арқылы үй-жайларды сүзу мен желдетуді арттырады;

8) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақшаларын), тамақтану залына (асханаға) кіреберісте қол жууға арналған раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету витриналарын дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жолымен ылғалды жинау жүргізіледі;

9) күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтау: қызметкерлердің таңғы/түскі және кешкі асқа асханаға келуі басталғанға дейін және одан кейін.

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық діспен

жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптар

 

1. Кәсіпорын басшысы ЖСН (резидент еместерді қоспағанда), нақты тұрғылықты мекенжайын, байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірін) және қызметкер бекітілген медициналық ұйымды көрсете отырып, вахтадан шығуға жататын вахталық қызметкерлердің тізімін қалыптастырады.

2. Вахталық кентте қызметкерлердің COVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары анықталған жағдайда, кәсіпорын басшысы тізімге сәйкес барлық вахталық қызметкерлерден келу орны бойынша 14 күнге үйде өзін-өзі оқшаулау режимін міндетті түрде орындауы туралы қол қойылған қолхаттарды жинайды.

3. Кәсіпорын басшысы вахталық кенттен шыққанға дейін күн сайын соңғы 5 күн ішінде бақылау тексеруді (тексеру, температураны өлшеу) жүргізеді. Вахтадан шыққанға дейін бес күн бұрын COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алмаған қызмекерлерге ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізеді. ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижелі жұмыскер анықталған жағдайда Кәсіпорын басшысы жұмыскерді жедел медициналық көмек келгенге дейін Кәсіпорын жанындағы изоляторға орналастыруды қамтамасыз етеді және бұл туралы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін жақын жердегі ұйымға және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлайды, сондай-ақ АД өкілдері келгенге дейін COVID-19-ға ПТР тестінің оң нәтижесі бар жұмыскерлердің вахталық кенттен шығуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

4. Кәсіпорын жедел медициналық жәрдемнің жедел келуі мүмкін емес МСАК-тан алыс болған жағдайда, жұмыс беруші COVID-19 жұқтыру белгілері бар қызметкерді жақын маңдағы МСАК-қа тасымалдауды дербес жүзеге асырады.

Мән-жайлар мен себептер анықталғанға дейін кәсіпорын эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

5. Кәсіпорында COVІD-19 науқастарын анықтаған кезде кәсіпорынның немесе жекелеген учаскелердің одан әрі жұмыс режимі туралы шешімді кәсіпорынның уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жедел штаб қабылдайды.

6. Кәсіпорын басшылары вахталық кенттен әуежайға (вокзалға) не нақты тұратын жеріне дейін шығатын қызметкерлерді орталықтандырылған жеткізуді ұйымдастырады.

7. Қызметкерлер жұмыс орындарына санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, қызметтік, қоғамдық немесе жеке көлікпен жеткізіледі. Персоналды қызметтік көлікпен жеткізу санитариялық шаралар сақталған кезде жүзеге асырылады, көлік отыратын орындардың санына сәйкес толтырылады, көліктегі жолаушылар медициналық немесе мата маскада болады.

8. Кәсіпорынның бақылау-өткізу пунктінде күзет қызметкері вахтадан шығатын адамдарда CОVІD-19 белгілерінің жоқтығы туралы медициналық анықтаманың болуын тексереді.

9. Кәсіпорында карантин жарияланған жағдайда вахтаның барлық персоналы вахталық кент аумағында тұрады. Персоналдың шығуы, шығуы (кіруі, кіруі) шектеледі.

10. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда қызметкердің кәсіпорын аумағы шегінде жүріп-тұруына рұқсат етіледі.

11. Вирустық инфекция белгілері, дене температурасының көтерілуі, ентігу немесе жөтел болған жағдайда - жедел медициналық жәрдем қызметіне (103) келмеген жағдайда дереу медициналық кабинетке хабарласуға болады.

12. Бір облыста тұратындар үшін жұмыс беруші жұмыскерлерді бір медициналық мекемеде (зертханада) тестілеуді ұйымдастырады, тестілеу мерзімін жұмыс беруші айқындайды.

13. COVID-19-да зертханалық тексерудің оң нәтижелері және COVID-19 белгілерін жоққа шығармайтын клиникалық белгілер болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдар COVID-19 жағдайлары анықталған кезде іс-шаралар жүргізу тәртібімен көзделген іс-шараларды орындауға кіріседі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар жұмыс берушіге COVID-19 анықталған жағдайлар туралы хабарлайды.

14. Жұмыскерлерді жеткізуді қамтамасыз ететін көлік құралы жолаушылар отырғызылғанға дейін дезинфекцияланады.

15. Қызметкерлер вахтаға келгеннен кейін Кәсіпорынның медицина қызметкерлері жұмыскерлердің жалпы жағдайын тексеру жүргізеді, теріс нәтижемен ПТР әдісімен CОVID-19-ды анықтауға зертханалық тексерудің немесе COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы құжаттың болуын тексереді.

16. Кәсіпорын басшылары ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі вахталық поселкеге кірген кезде қызметкерлердің дене температурасын бақылауды, дене температурасы жоғары және COVID-19 белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттетумен қамтамасыз етеді.

17. Қызметкерлер вахталық кентке кірген кезде қолды осы мақсаттарға арналған тері антисептиктерімен (оның ішінде белгіленген мөлшерлегіштердің көмегімен) немесе дезинфекциялау сулықтарымен өңдеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі және гигиеналық рәсімнің сақталуын бақылауды белгілейді.

18. Персонал объектілердің аумағында қозғалысты өндірістік қажеттілікке сәйкес жүзеге асырады.

19. Болмау себебін анықтай отырып, жұмысқа шығу мониторингін күнделікті жүргізу қамтамасыз етіледі, ЖРВИ, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше назар аударылады.

Персоналға қорғаныш құралдарын уақтылы беру, оның ішінде санитайзерлерге қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.

20. Кәсіпорындардың басшылары мен персоналы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасының

 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің